«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚТЫ САҚТАУ

04.12.2025

АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚТЫ САҚТАУ

Академиялық адалдық – сапалы білім берудің негізі болып табылады және білім беру процесінің барлық қатысушыларының жауапты, этикалық мінез-құлқын білдіреді. Мектептерде академиялық адалдықты тиімді дамыту үшін оқу орнында академиялық адал мінез-құлыққа қойылатын талаптарды және оларды бұзған жағдайда қолданылатын жауапкершілік шараларын қамтитын ішкі мектептік қағидаларды әзірлеу және енгізу маңызды.

Оқу процесінде білім алушылардың академиялық адалдығының негізгі қағидаттары:
• барлық оқу тапсырмаларын адал орындау, алдау, көшіріп алу және плагиатқа жол бермеу;
• білім алушылардың орындаған жұмыстарының шынайылығына сенім білдіру;
• әділдік, жауапкершілік және батылдық – тапсырмаларды адал орындауда, өз әрекеттерінің салдарын түсінуде және бұзушылықтар туралы хабарлауға дайын болуда көрініс табады.

Оқу процесінде білім алушылардың этикалық нормалары төмендегілерді қамтиды:
• өзгенің интеллектуалдық еңбегінің нәтижелеріне құрмет көрсету, басқа білім алушылардың идеяларын және жұмыстарын өзіне телуге жол бермеу;
• сыныптастар мен педагогтармен өзара сенімге негізделген ашық және адал диалог орнату;
• көшіріп алуға, өзгенің жауаптарын пайдалануға жол бермеу және тапсырмаларды өздігінен орындауға жауапкершілік алу.

Білім алушылардың академиялық адалдықты бұзушылықтарына мыналар жатады:
• жиынтық бағалау мен емтихандар барысында көшіріп алу, шпаргалкаларды, көмекші құралдарды немесе техникалық құрылғыларды пайдалану;



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст