«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Адал ұрпақ"

24.11.2021

«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  "Адал Ұрпақ" мектеп клубының жұмыс жоспары

Мектепте жоғары өнегелі, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік-құзыретті азамат пен патриотты қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау мақсатында құрамында 15 адам бар 7-9 сынып оқушыларынан тұратын ерікті клуб құрылды. "Адал Ұрпақ"клубының жұмыс жоспары құрылып, бекітілді.

Мақсаты мектепте жоғары өнегелі, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриоттың қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасау болып табылады.

Міндеттері:

- рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиеге бағытталған шараларды іске асыру;

- білім алушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін нығайту;

- оқушылардың саяси-құқықтық білімдерін қалыптастыру;

-оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар:2021 жылдың қазан айында сынып жетекшілер "Адал Ұрпақ" ерікті клубы мүшелерінің қатысуымен 8-9 сыныптарда "Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында , 2021 жылдың қараша айында "Азаматтардың құқықтары мен міндеттері"тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Сондай-ақ, 10 сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша сауалнама жүргізілді, онда оқушылар сыбайлас жемқорлық ұғымын нақты анықтап, қоғамдағы осы құбылысқа теріс көзқарасын білдірді.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ашық келісімді іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және өзара іс-қимыл бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өту қажет.

   Жұртшылықпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және оның кез келген көріністеріне "нөлдік" төзімділікті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған қызметтер жүзеге асырылады.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 24.11.2021 09:42
Құрылған күні: 24.11.2021 09:44

Текст