Текст
Бүгін «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасы аясында 6-«А» және 6 – «Б» сыныптарында «оқимыз, есте сақтаймыз және талдаймыз»атты сабақ өтті. Онда оқушылар «Қазақстанның ежелгі қалалары»балалар энциклопедиясымен танысты. Археология дегеніміз не, бұл ғылым тарихты зерттеуге қалай көмектеседі. Қазақстанның ежелгі қалаларының атауларымен танысты. Кітапта Қазақстанның барлық аумағындағы археологиялық қазбалар мен тарихи ескерткіштерді зерттеудің бай материалы ұсынылған. Кітапта «тарихты зерттеу, халықтың тағдырын сақтаушы, әр адамға азаматтық пен патриотизмді тәрбиелеуге қызмет етеді» делінген. Кітапханаға келіңіз, қосымша материалдар бойынша тарихпен танысыңыз.
Суфтина Т. А.