«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан – бейбітшілік пен келісім елі

02.05.2025

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл еліміздегі ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі. Бұл – достықтың, түсіністіктің және келісімнің мерекесі. Қазақстанда 150-ден астам ұлт пен ұлыс өмір сүретіндіктен, мұндай құндылықтар бейбіт өмір үшін аса қажет.

Мектеп кітапханасында «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім елі» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеде Қазақстан халықтарының достығы туралы кітаптар ұсынылған. Сондай-ақ, қазақ және орыс халқының ұлттық тағамдары мен дәстүрлері жайлы кітаптар да бар.

Осы мерекеге орай «Атбасар – менің сүйікті қалам» атты көрме де ұйымдастырылды. Онда ұсынылған кітаптар оқырмандарды қаламыздың тарихымен және ауданымыздың көрнекті тұлғаларымен таныстырады. Кітаптарда Атбасар ауданына арналған бөлімдер де бар.

Кітапханаға келіңіздер, кітап оқыңыздар, туған өлкеңіздің тарихына қызығыңыздар!

Суфтина Т.А.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст