06.11.2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндік бірлестігі апталығы аясында С.Б. Маженова 6 "А" сыныбында М.Мақатаевтың "Мен таулықпын" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта мұғалім оқушыларды қызықтыру мақсатында жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес тиімді әдістерді шебер қолданды. Оқушылардың кезеңдік жұмыстары жақсы ұйымдастырылды. Жаңа материалды зерттеу кезеңінде келесі әдістер қолданылды: "Кластер","Сәттілік баспалдағы","Миға шабуыл". Мұғалім жұптық жұмыс түрінде балаларды оңай қызықтыра алды, дұрыс ұйымдастырылған жұмыс үшін тәттілер мотивация болды. Оқушылар сабақта танымдық іс-әрекетке белсенді қатысып, барынша белсенділік көрсетті. Сабақ оқу мақсатына жетті.
Жумашова А.М.