«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібі

16.11.2021

15. Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрағасы өз бастамасы бойынша, Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісінің бастамасы бойынша шақырады.
      16. Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды және қамқоршылық кеңестің және қамқоршылық кеңес жұмыс істейтін білім беру ұйымының мүшелеріне қажетті материалдармен бірге отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.
      Хабарламада отырыстың өткізілетін күні, уақыты мен орны қамтылады.
      Хабарламаға баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, көрсетілген мәселелерді күн тәртібіне енгізу себептерін көздейтін анықтамалық материалдар, отырысқа Қамқоршылық кеңес мүшелеріне ұсынылатын қажетті құжаттар қоса беріледі.
      17. Қамқоршылық кеңестің отырысын өткізу туралы хабарлама алған Қамқоршылық кеңестің мүшесі оны өткізу күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің қатысуы немесе қатыспағаны туралы қамқоршылық кеңестің хатшысына хабарлайды.
      18. Қамқоршылық кеңестің төрағасы шақыру туралы ұсыныс түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қамқоршылық кеңестің отырысын шақырады.
      19. Қамқоршылық кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің өкілдері оның отырыстарына дауыс беру құқығынсыз бақылаушы ретінде қатысуға жіберіледі.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. Егер қамқоршылық кеңестің барлық мүшелеріне оның өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарланса және отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Қамқоршылық кеңестің отырысы заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне не адамға сенімхат бойынша беруіне жол берілмейді.
      21. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің әрбір мүшесінің дауыс беру кезінде оны беру құқығынсыз бір дауысы болады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асыратын адам дауыс берген шешім қабылданады.
      23. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған отырысқа қатысып отырған Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері қол қоюға тиіс.
      24. Хаттама тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.
      25. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Қамқоршылық кеңес қабылдаған шешімдер туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
      26. Білім беру ұйымының қайырымдылық көмегі ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша ғана жұмсалады.
      27. Білім беру ұйымы қабылдаған қайырымдылық көмектен түскен кез келген түсімдер:
      1) мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанда құрылған білім беру ұйымдары үшін-Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шоты;
      2) Екінші деңгейдегі банкте ашылған шот – өзге ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған білім беру ұйымдары үшін.
      28. Қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
      1) білім беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау;
      2) білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
      3) спортты дамыту, дарынды балаларды қолдау;
      4) мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға арналған шығыстарды жүзеге асыру.
      29. Білім беру ұйымы жыл сайын қаржы жылының қорытындысы бойынша осы білім беру ұйымының, тиісті саланың уәкілетті органының, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қайырымдылық көмек қаражатын пайдалану және оның қозғалысы жөніндегі қызметтің нәтижелері туралы жұртшылықты хабардар етеді.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015584



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 18.10.2022 11:50
Құрылған күні: 18.10.2022 14:01

Текст