Бұл технологияның міндеті: оқушыны білімді өзі алуына үйрету. Оқытушы диалог жүргізу арқылы балаларға сабақ тақырыбын өздері ашып, мәселе бойынша өз пікірлерін ұсынуды тапсырады. Сабақ барысында бұл пікірлер тексеріледі.
Мен сабақта әр түрлі әдістер қолданамын, мысалы: жұптық жұмыс, «Білгірлер» ойыны, «Өзара сұрақ-жауап», «Жуан және жіңішке сұрақтар». Сабақ басындағы күтпеген сұрақ мәселені тануда, постер қорғауда, рефлексия кезеңінде (ауызша, жазбаша) тақырыпты түсіну деңгейін анықтауға көмектеседі. Сонымен диалог шынайы болу үшін бір мәселеге құрылуы керек. Мәселені қалыптастыруға жұмбақтар, ашық сұрақтар негіз бола алады, бұл оқушыны ойландыруға әсер етеді. Диалогтік оқытуда сабақтың табысты болуы мұғалімнің оқушылармен сенімді қарым-қатынас орната біліп, жағдай туғыза білуіне байланысты.
Диалогтік оқытудың арқасында серіктестік қалыптасады. Сабақтағы енжар оқушылардың саны азая түседі, өйткені әрқайсысы өз ойын айтқысы келеді, сауатты сөйлеуге тырысады. Диалогтік оқыту тек білім беру мәселелерін ғана шешіп қоймайды, бір-біріне қызығушылығын тудырып, сыни тұрғыдан ойлауды және өз-өзіне баға бере білуді дамытады.
Конфуций айтқандай, «Үш жол білімге әкеледі: ойлау жолы – ең құрметті жол, еліктеу жолы – ең жеңіл жол, тәжірибе жолы – ең ащы жол».
Маженова С.Б.