Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығына сәйкес 2021 жылғы 1 сәуірден бастап Озерная көшесі, 18 мекенжайы бойынша орналасқан «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бірінші сыныпта оқуға құжаттар қабылдау бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыра бастайды. Ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын, мектептің шағын ауданында тұратын 6 жастағы балалар және 5 жастағы балалар қабылданады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) қызмет көрсетуші құжаттар тізбесін ұсынады:
1) өтініш
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (№063/е нысан);
4) баланың денсаулық паспорты (№026/Е-3 нысан)
5) баланың көлемі 3х4 см, саны 2 дана фотосуреттері.
6) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген алушының ЭЦҚ
7) баланың туу туралы куәлігі
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, қызмет көрсетуші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін жүргізіледі.
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Қабылдау уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мектеп әкімшілігі.