Текст
Оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарын жою бойынша бүгін оныншы сынып оқушыларымен қосымша сабақ өткізілді. Білімдегі олқылықтарды анықтау және жою бойынша сабақта ең біріншіден шағын тест сауалдары арқылы «Сөз таптары», «Зат есімнің жалғаулары» тақырыбы бойынша оқушылардың қателері анықталды, жіберілген қателері талданды. Олқылықтарын жою бойынша әр түрлі жұмыстар жүргізілді, ең біріншіден кестелер арқылы сөз таптарын, зат есімнің жалғауларын ажырату жолдарын мысалдар арқылы талданды. Практикалық тапсырмалар,сұрақ-жауап , такта бойынша тапсырмаларды орындау арқылы білімдері бекітілді. Сабақтың соңында оқушылар тест сауалдарын орындап, сабақта алған білімдерін қайталап бекітті
Мустафина Б.К.