Текст
Бүгін, 10 сынып оқушылары үшін оқуда қиындық көріп жүрген және мотивация деңгейі төмен білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою бойынша сабақ өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасын арттыруға бағытталған өткен материалды қайталау.
Оқушылар "Revision"тақырыбы бойынша жұмыс жасады. Онда фразалық етістіктерді, предлогтарды, сөзжасамдықты қайталап, "тыңдау"дағдысын игерді. Сабақта сараланған технология қолданылды, онда балалар алынған материалдың деңгейін дербес анықтап, білімдегі олқылықтарды жою бойынша жұмыс жасады. Балалар жұппен және жеке жұмыс істеді. Өткен материалды қайталау кезінде жақсы білім көрсетті: Деревянкова Марина және Гуринова Лоида. Сабақ соңында балалар рефлексия жүргізді.