1 мамырда бүкіл ел айтулы мереке – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл күні Отанымыздың барлық қалалары мен ауылдарында барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері өздерінің бірлігін, достығын, ортақ үйі – Қазақстан Республикасын – гүлденген, тәуелсіз және еркін көруге деген ұмтылысын кезекті рет көрсету үшін жиналады! Қазақстан халқының бірлігі мерекесі баршаны біріктіреді. 1995 жылы Қазақстан Халықтары Ассамблеясының құрылуы көпұлтты қазақстандық қоғамда үлкен этникалық құраммен келісімді қамтамасыз етуге ықпал етті. Қазақстан көптеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері үшін отанына айналды. Олар бір шаңырақ астында өмір сүріп, еңбек етуде. Бір шаңырақ астында олар өз халқының рухани дәстүрлерін бере отырып, балаларын тәрбиелейді. Бірлік мерекесі - бұл әрдайым таза жел,бұл әрқашан біздің жарқын және әдемі болашағымызға деген үміт. Біздің достығымыз одан әрі нығая берсін. Біздің бір шаңырағымыздың астында достарымыздың шеңбері нығайып, топтаса берсін.