22.05.2025
21 мамырда 6а-сыныпта Zoom форматында ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналармен оқу жылының аяқталуына қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Жазғы демалыста қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне назар аударылды: жол қозғалысы ережелерін сақтау, су қоймаларында сақтық, өрт қауіпсіздігі және көшедегі жалпы мінез-құлық.
Сондай-ақ, ата-аналар қорытынды емтихандар мен кеңестер туралы ақпарат алды: мерзімі, форматы және уақыты.