26.05.2025
Мамыр айының 12-сі мен 23-і аралығында №8 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті »(Т2) пәні педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында екі апталық курс өткізілді. Курс барысында тыңдаушылар пән бойынша оқу мақсаттарын дұрыс анықтауды, оны сабақ барысында қолдануды, оқытудың қажетті әдістері мен тәсілдеріне іріктеу жүргізіп, тақырыптар бойынша тапсырмалар тізбегін жасады. Әр сабақ мазмұнды, қызықты болып өткізілді.
Осындай курстар педагогтың кәсіби дамуына ғана емес, оқушының сапалы білім алуына , сөйлеу әрекетінің төрт түрін меңгерту бойынша білімін кеңейтуге ықпал етеді.
Курс жетекшісі Суюндыкова Баян Сабитовнаға алғысымыз шексіз. Осы курста алған білімімізді практикада қолдану арқылы үлкен белестерді бағындыратынымызға сенімдімін.
@orleu_akmola
Таскунбаева А.
Мустафина Б.К.