«Жас Сарбаз» мамандандырылған сыныбының 10-сынып оқушылары Навосельское ауылында оқу-далалық жиындардан өтеді. Оқу жылы ішінде алған білімдерін іс жүзінде қолдануға ерекше назар аударылады. Балалар, әсіресе, тәртіпті нығайтуға, жауапкершілікті арттыруға және патриотизмді дамытуға ықпал ететін нақты жағдайларда теориялық әзірлемелерді пайдаланғанды ұнатады.
Жиын барысында оқушылар келесі бағыттар бойынша практикалық тапсырмаларды орындайды:
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жалпыәскери жарғылары;
- Тактикалық дайындық-бөлімше құрамындағы іс-қимылдарды пысықтау, жергілікті жерге бағдарлау, жүріп-тұру және өзара іс-қимыл жасау;
- Атыс дайындығы-қаруды қауіпсіз ұстау, дәлдік және ату бойынша жаттығулар ережелерін зерделеу және қолдану;
- Саптық дайындық-саптық әдістер мен командаларды орындау дағдыларын жетілдіру;
- Әскери топография-карта мен компас бойынша бағдарлау, топографиялық белгілерді оқу, координаттарды анықтау.
Мұндай кешенді бағдарлама оқушылардың бойында Бастапқы әскери даярлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыруға, дене төзімділігін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге дайындығын нығайтуға ықпал етеді.