Допқа соққы жасау – футболдағы ең маңызды техникалық элементтердің бірі. Ол допты әріптеске беру, шабуылды аяқтау және қақпаға дәл соққы жасау үшін қолданылады. Соққыны дұрыс орындау үшін дәлдік, күш, қимыл үйлесімділігі мен допты сезіну қабілеті қажет.
Соққы техникасы бірнеше негізгі кезеңнен тұрады:
Бастапқы қалып: дене сәл алға еңкейеді, тірек аяқ доптың жанында орналасады, қолдар тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.
Жүгіру және сермеу: жұмысшы аяқ артқа қарай сермеліп, соққыға күш жинайды.
Доппен жанасу: мақсатқа байланысты соққы табанның ішкі жағымен, үстіңгі жағымен немесе сыртқы жағымен жасалады. Жанасу анық әрі дәл болуы тиіс.
Соққыны аяқтау: аяқ доппен жанасқаннан кейін алға қарай қозғалысын жалғастырады. Бұл соққының дәлдігі мен күшін арттырады, ал ойыншы тепе-теңдікті сақтап, келесі әрекетке дайын тұрады.
«Беркут» клубының «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері жаттығу кезінде соққы техникасын белсенді меңгеруде. Балалар допты орнынан және қозғалыста тұрып теурудi үйренуде, дәлдік, күш пен үйлесімділікті дамытып келеді. Жүйелі жаттығулар, тәртіп пен командадағы бірлік олардың тұрақты дамуына ықпал етуде.
Балтабаева Назира Арманқызына жаттығу процесін ұйымдастыруға қосқан зор үлесі үшін ерекше алғыс білдіреміз. Оның бастамашылдығы, кәсібилігі және тәжірибесімен бөлісуге деген ұмтылысы жаттығулардың тиімділігі мен шабыттандыратын атмосферасын арттырды.