Текст
Бүгін экологиялық алаңда оқушылар «Қазақстанның өсімдіктер әлемі» және «Қазақстанның өсімдіктер әлемінің қазыналары» атты энциклопедиялармен танысты. Бұл Қызыл кітапқа енген ең қызықты өсімдіктер туралы ерекше кітаптар. Кітаптарда 150-ден астам өсімдік түрлерінің таралуы, қорғау шаралары және оларды өсіру мүмкіндіктері туралы мәліметтер берілген. Өсімдіктер энциклопедиясымен танысқаннан кейін балалар мектеп аумағын тазалауға қатысты. Өйткені, жалпы үйіміздің тазалығына күнделікті қамқорлық – экологияға қосқан үлесіміз.
Суфтина Т.А.