Текст
Бүгін жазғы қазақ тілі алаңында «Танысу және бағдарламамен таныстыру» тақырыбында сабақ өтті.
Балалар өздерін қазақ тілінде таныстырып, қызығушылықтары мен болашаққа деген жоспарлары туралы айтты.
Оқушылар танысу тақырыбындағы мәтіндермен жұмыс жасап, күнделікті қарым-қатынасқа қажетті сөздер мен тіркестерді талдады.
Сабақ белсенді әрі танымдық түрде өтті, қатысушыларды нәтижелі жұмысқа бағыттады.
Тасқұнбаева А.