Текст
Бүгін жазғы "English Land" тілдік алаңында "Welcome Day" тақырыбында алғашқы қызықты сабақ өтті.
Балалар бір-бірімен танысып, алдағы күндердің ережелері мен бағдарламасы туралы білді.
Көңілді әрі еркін атмосферада қатысушылар ағылшын тілінде сәлемдесу тіркестерімен танысып, диалог жүргізуді тәжірибеден өткізіп, ойын түріндегі тапсырмаларға қатысты.
Күн қызықты да танымдық түрде өтіп, барлық қатысушыларға жағымды көңіл-күй мен мотивация сыйлады!
Тихненко М.Ю.