«Бүркіт» аула клубының тәрбиеленушілері қызықты әрі жігерлі волейбол ойынын өткізді. Бұл спорт күні күш пен ептілікті ғана сынап қоймай, достықтың, командалық рухтың және салауатты өмір салтының нағыз мерекесіне айналды.
Іс-шараның мақсаттары:
1. Балалар мен жасөспірімдерді спортпен тұрақты түрде айналысуға тарту.
2. Волейболға және басқа да ойын спорт түрлеріне қызығушылықты дамыту.
3. Белсенді, тату және салауатты жастарды қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Мазмұнды әрі белсенді бос уақыт ұйымдастыру.
2. Физикалық дағдыларды, үйлесімділік пен төзімділікті жетілдіру.
3. Ұжым ішінде құрмет, өзара көмек және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Біз әрбір қатысушымызбен мақтанамыз және мұндай кездесулер бізді күштірек,және табысты етеді деп сенеміз!
Азырбакытов Ж.