«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Экология және біз»

18.08.2025

Бүгін қазақ тілі бойынша жазғы тілдік алаңда «Экология және біз» тақырыбында сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы пікір алмасты, экология және табиғат тақырыбына байланысты сөздік қорларын кеңейтті, сондай-ақ диалогтар мен шығармашылық тапсырмаларға белсене қатысты.
Оқушылар топпен жұмыс істеп, «Табиғатты қорғайық» тақырыбында постерлер жасады, бейнеролик көріп, викторинаға қатысты.
Экологиялық ұрандар мен қысқаша сөйлеу тіркестерін құрастыру тапсырмалары ерекше қызығушылық тудырды.
Сабақ интерактивті әрі танымдық атмосферада өтті. Оқушылар қазақ тілін тәжірибе жүзінде қолданып қана қоймай, табиғатты сақтаудағы адамның рөлі туралы да ойланды.
Тасқұнбаева А.

Просмотров: 43


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст