Текст
Бүгін жазғы қазақ тілі алаңында “Киім үлгілері” тақырыбында сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар киім мен стильге қатысты лексикамен танысты. Олар «күнделікті киім», «ұлттық киімдер», «заманауи үлгілер» тақырыптары бойынша сөздік қорын кеңейтіп, жаңа сөздерді ауызекі сөйлеуде белсенді қолданды.
Платформа қатысушылары шығармашылық тапсырмалар орындады:
– суреттер бойынша киімдерді сипаттады;
– киім стилі мен сауда туралы диалогтар құрды.
Сабақ ойын және шығармашылық элементтермен көңілді өтті, бұл оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытып, қазақ тілін күнделікті тақырыптарда сенімді қолдануына септігін тигізді.
Тасқұнбаева А.