1 қыркүйек күні мектебіміздің аумағында Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл асыға күткен мереке оқушыларды, ата-аналарды және мұғалімдерді жинады.
Мерекеде ерекше көңіл бірінші сынып оқушыларына бөлінді. Олар үшін бұл қуаныш пен толқуқа толы алғашқы мектеп күні болды.
Салтанатты сөздерден кейін бірінші сынып оқушыларына тәтті сыйлықтар табыс етілді. Ұлдар мен қыздар қуаныштан жарқырап тұрды, ал ата-аналар да олармен бірге шаттыққа бөленді.
Салтанатты жиында мектеп бітіруші жоғары сынып оқушылары да болды – олар да кезінде мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған еді. Олардың тілектері мен ізгі сөздері кішкентайларға үлгі мен қолдау болды.
Мереке жылы әрі көңілді атмосферада өтті, баршаға жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй мен жағымды эмоциялар сыйлады!
Садуова Н.Н., Мағрифат А.