Текст
«Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын талқылауға арналған кеңес өтті. Педагогикалық ұжыммен ақпараттық жұмысты мектеп директоры Кизкенова Газиза Ануарбековна жүргізді.
Кездесу барысында Жолдаудың негізгі бағыттары түсіндірілді, білім беру, цифрландыру мәселелеріне және өскелең ұрпақты даярлаудағы қазіргі мектептің рөліне ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша ұжым оқу процесінің сапасын арттыруға және заманауи білім беру технологияларын енгізуге бағытталған бірқатар міндеттерді белгіледі.
Баймендина А.О. оқу бөлімінің меңгерушісі.