Текст
Бүгін мектепте «Психологиялық денсаулық күні» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Психологиялық денсаулық – адамның жалпы денсаулығының ең маңызды құрамдас бөлігі. Ол оқушылардың ішкі тепе-теңдігін сақтай білу қабілетін, өмірлік қиындықтарға лайықты түрде жауап беруін, тұлғалық қасиеттерін дамытуын және айналасындағылармен жағымды қарым-қатынас орната алуын көрсетеді.Мектеп – бұл тек білім алу орны ғана емес, сонымен қатар тұлғаның қалыптасу кеңістігі. Психологиялық денсаулық – баланың жеке тұлғасының қалыптасатын іргетасы. Оған қамқорлық жасау – отбасы мен мектептің ортақ міндеті.Тек сенім, құрмет және қолдау атмосферасында ғана балалар өз-өзіне сенімді, бақытты тұлға болып өседі.Захарова Г. И.