«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Форум «Педагог және Жасанды интеллект: мүмкіндіктер одағы»

07.10.2025


Білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған тиімді кәсіби алаңға айналды. Форум барысында сарапшылар мен тәжірибелі педагогтардың баяндамалары тыңдалды, тақырыптық секциялар, шеберлік сабақтары мен пікірталас сессиялары өткізілді. Бұл іс-шаралар тәжірибе алмасуға, құзыреттерді дамытуға және жасанды интеллектті білім беру процесіне тиімді енгізудің оңтайлы жолдарын іздеуге бағытталды.Форумға қатысушылар педагог пен технологияның өзара әрекеттесу тақырыбының маңыздылығын атап өтіп, цифрлық мәдениетті қалыптастырудың, әдістемелік базаны жетілдірудің және жасанды интеллектті педагогикалық қызметте пайдалану кезінде этикалық ұстанымдарды сақтаудың қажеттілігін ерекше атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша педагог пен жасанды интеллект одағы оқушы тұлғасын дамытуға, білім сапасын арттыруға және педагогтардың кәсіби өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашатыны туралы ортақ түсінік қалыптасты. Форум білім беру жүйесінде инновациялық цифрлық құралдарды әрі қарай зерттеу мен тәжірибелік тұрғыда қолданудың өзектілігін растады. Спикерлеріме – Маженова С.Б., Таскүнбаева А.С., Тихненко М.Ю., Волкова А.К., Матчанов Б.У.,Есимсеитова А.Е. – қызықты шеберлік сабақтары үшін алғыс білдіремін. Баймендина А.О.

Просмотров: 95


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст