Текст
Бүгін мектепте 5 және 6 сыныптар арасында «Жол белгілері – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында танымдық класс сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жолда жүру ережелері туралы білімін арттыру, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және жол белгілерінің маңызын түсіндіру болды. Сабақ барысында балалар түрлі белгілердің мағынасын танып, қызықты сұрақтарға жауап берді, топтық тапсырмалар орындады. Оқушылар өз білімдерін ойын түрінде көрсетіп, белсенділік танытты. Класс сағатының соңында жол қозғалысы ережелерін сақтау – әр адамның өмір қауіпсіздігі екенін ерекше атап өтілді.Шахметова М.А- учитель казахского языка и литературы.