Бөлімі: Жастықтың оты қайдасың? М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі.
Тақырыбы: «Мен жастарға сенемін» (Септік жалғау)
Қатысушылар: 7 сынып оқушылары.
Мақсаты: 6.5.1.7 - себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орындықолдану.
Күтілетін нәтиже: Оқушының қабылдау деңгейіне қарай белгілі бір дәрежеде сауаты ашылады, тіл байлығы дамиды, сөздік қоры көбееді, сауатты жазу дағдысы қалыптасады.
Сабақ барысында оқушыларға Мағжан Жұмабаевтің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы слайд пен бейнеролик ұсынылды. Сондай-ақ оқушылар ақынның «Мен жастарға сенемін» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсініп, өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын, автордың келешек ұрпаққа жолдауын талқылап, өз ойларымен бөлісті.
Алған білімдерін бекіту мақсатында оқушыларға жеңілдетілген карточкалар, семантикалық карталар, қызықты тапсырмалар беріп, көбірік сөзге, іске тартып, белсенділігін арттыру жұмыстары жүргізіледі.
Жагипарова Г.А.