27.09.2021
Бастауыш сынып оқушылары арасында " Ы. Алтынсариннің өмір жолы атты "викторина өтті. Интеллектуалды ойын сұрақтары қазақтың көрнекті ағартушысы-педагог, жазушы, этнограф, ғалым-фольклоршы, Ұлт мұғалімі – Ыбырай Алтынсариннің өмір тарихына арналды. Ыбырай Алтынсарин өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ балаларын оқытуға арнап, қазақ даласы тарихындағы білім берудің негізін қалаушы-әкесі болды. Алғашқы халық мектебін ашып, тұрғындарды балаларын мектепке беруге шақырып, қазақ тілінде оқулық жазды.
Ыбырай Алтынсарин туралы бейнефильмді көргеннен кейін оқушылар викторина сұрақтарына жауап берді, іс-шара барысында белсенді қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша орындар бөлінді:
1 орын - 3 «А» Куцева Маргарита
2 орын – 3 «В» Дементьева Алёна
3 орын– 3 «Б» Дитрих Марина