03.11.2021
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың 6 - сыныпта тіл білімінің морфология саласынан алған білімдерін кеңейту, зат есім туралы білім беру. Зат есімнің мағыналық топтарын еске түсіру, зат есімнің түрленуін, өзіндік ерекшеліктерін меңгерту.
Сабақ барысында оқушылар түрлі қызықты тапсырмалар орындап, алған білімдерін толықтырды. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың сөздік қорлары жетіліп, сөйлеу мәдениеті қалыптасып, алған білімін дәлелдеу мүмкіндігі жетіледі.
Алған білімдерін бекіту мақсатында оқушыларға жеке тапсырмалар беріп, көбірік сөзге, іске тартып, белсенділігін арттыру жұмыстары жүргізіледі. Оқушылармен жүргізілген жұмыс нәтижесінде Амерханов Рамзан, Аубакиров Адлет, Аубакирова Даяна, Большакова Дарья, Бухтина Инна, Калита Милена, Корепанов Сергей, Лоссан София, Нургалиев Нурхан берілген тапсырмаларды мұқият орындап, сабақ барысында аса белсінділік танытты.