02.12.2021
"Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға"
Абай Құнанбайұлы
Өзге тілді оқытуда бірден - бір тиімді әдіс – коммуникативтік әдіс деп ойлаймын. Коммуникативтік әдіс оқушылардың ауызекі сөйлеуін, қарым-қатынас жасауын, сұрақ - жауап жүргізуін, әңгімелесуін, сөйлеу қабілетін қалыптастырып, сөздік қорын молайтады, тілді дамытады. Бұл әдістің ішінде ерекше орын алатыны – диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі.
Сабақ барысында оқушылар өзара диалогқа түсіп, бір - біріне сұрақ қойып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, көбірік сөзге, іске тартып, белсенділігін арттыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай - ақ тілді үйренуде қызығушылығын арттыру үшін түрлі қызықты тапсырмалар орындап, пән бойынша іс - шараларға белсенді қатысады.
Жагипарова Г.А.