24.02.2022
24 ақпанда "Жас педагогтармен мектепте тәлімгерлікті ұйымдастыру"вебинары өтті.Спикер-Садуакасова Алтынай Магазовна, "Жылдың үздік педагогы" номинациясының иегері, география және кәсіпкерлік пен құқық негіздері мұғалімі, педагог-шебер, Нұр-сұлтан қаласының "№89 мектеп-лицейі" КММ-сі.
Вебинарда жас педагогтармен мектепте тәлімгерлікті ұйымдастыру мүмкіндіктері туралы мәселелер қаралды.
Алтынай Магазовна келесі бағыттар бойынша вебинар өткізді:
- Жас педагогтармен жұмыстың мақсаты мен негізгі міндеттері.
- "Тәлімгерлік", "мектептегі тәлімгерлік"терминдерінің анықтамасы.
- Тәлімгерлік жүйесін қалыптастырудың негізгі қағидаттары .
- Мектептегі жас мамандармен жұмыс аспектілері .
- Тәлімгерліктегі кезеңдер.
- Тәлімгердің функциялары.
- Жұмыстың негізгі бағыттары.
- Жас маманның педагогикалық қызметке бейімделу процесі.
Вебинар барысында спикерге түсініктемелер түрінде сұрақтар қойылып, қатысушылар толық жауап алды.
Тухель М. Н.