28.02.2022
Жарқын алғыс айту күнінде №5 ЖОББМ ұжымы жоғары кәсібилігі, шексіз шыдамдылығы мен жауапкершілігі, отандық білім беру игілігіне қажырлы еңбегі үшін сіздерге үлкен алғыс білдіреді.
Досюк Татьяна Леонидовна 1957 жылы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1958 жылы ата-анасымен бірге Атбасар қаласына көшіп келді. №5 орта мектепте оқыды. Мектептен кейін ЖБК зауытында есепші болып жұмыс істеді. 1994 жылы зауыттың жабылуына байланысты 5 мектепке хатшы болып жұмысқа келді. 2015 жылы еңбек өтілі 40 жыл құрметті демалысқа шықты.
Досюк Сергей Перфилович 1954 жылы 25 ақпанда Чита қаласында дүниеге келген. 1959 жылы Қазақстанға қоныс аударды. 5 мектепте 1961-1970 жылдары оқыды. Кеңес Әскері қатарына 1973 жылы аттанды. Қызметтен кейін ТБК зауытында бетоншы болып жұмыс істеді. 1980 жылы №1 кен басқармасына құрастырушы лауазымына қабылданды. 2010 жылдан бастап құрметті демалысқа шыққанға дейін №5 орта мектепте күзетші болып жұмыс істеді. Еңбек өтілі 46 жыл.