«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогтарға арналған психологиялық тренинг

08.02.2019

Психологиялық климат-бұл еңбек ұжымының негізгі көңіл-күйін анықтайтын тұлғааралық қарым-қатынас.

Бір климатта өсімдік гүлденіп, екіншісінде солуы мүмкін. Психологиялық климат туралы да солай айтуға болады: бір жағдайда адамдар өзін ыңғайсыз сезінеді, ұжымнан кетуге тырысады, онда аз уақыт өткізеді, олардың тұлғалық өсуі баяулайды, басқаларында ұжым оңтайлы жұмыс істейді және оның мүшелері өз әлеуетін барынша толық іске асыруға мүмкіндік алады.

Психологиялық климат, ұжымның ұйымшылдығы-бұл тек қана әкімшіліктің ғана емес, ұжымның әрбір мүшесінің де маңызды ісі.

Егер ұжымда тілектестік, әр адамға қамқорлық, сенім және талапшылдық атмосферасы орнаса климат қолайлы деп аталады . Егер ұжымда әркім қорғалған болса, барлық болып жатқан оқиғаға қатыстылығын сезінеді және белсенді қарым-қатынас жасайды

Өткен тренинг педагогикалық ұжымды біріктіруге, коммуникативтік дағдыларды, эмоционалдық тұрақтылықты, өзіне деген сенімділікті, бір-біріне деген тілектестік қарым-қатынасты дамытуға бағытталған. Тренинг жаттығуларын орындай отырып, педагогтар бір-бірін түсінуді үйренді. Тренинг педагогтарды өзін-өзі жетілдіруге, рефлексия жасауға, коммуникативтік құзыреттілік механизмдерін меңгеруге ынталандырды.

Тренингтің міндеттері:

- қолайлы психологиялық климатты қалыптастыру

- топ қатысушыларында олардың арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту үшін ұқсастықтарды табу

- командада жұмыс істей білуді дамыту

- топтың бірігуі

- әр қатысушының өз рөлін, топтағы функцияларын сезінуі

- педагогтардың коммуникативтік дағдыларын арттыру

- сәттілік, бақыт, жақсылық пен табыс тілейміз.

Тренинг барысында педагогтар белсенді қарым-қатынаста болды, үлкен көлемді жағымды эмоциялар алды, ұсақ-түйекке қуануды үйренді, ұжымдағы адамдар қанша жақын және ұқсас екенін білді, бір-біріне қарым-қатынас қуанышын сыйлады. Және рефлексия сұрағына " Сіз үшін не маңызды болды?"көптеген педагогтар:" Біз бәріміз біргеміз!". Бұл тренингтің негізгі міндеті болды.

 

Самсонова Г.Н.

Просмотров: 608


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст