«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы

12.02.2019

Өзін-өзі тану өзін қоршаған әлем туралы білім, бұл адамның басқа адамдар мен қоғамға деген қатынасы. Бұл біздің өміріміздің жақсылық әлемі, махаббат, достық, бақыт, сұлулық сияқты басты қазынасы. Бұл біздің іс-әрекеттеріміз, бақытты және қуанышты болу, өзіне және достарына, жақындарына, таныстарына және бейтаныс адамдарға сенім білдіру, бізді қоршаған адамдарды құрметтеу, мейірімді, адал, әділ, жауапты болу.

              "Өзін-өзі тану" пәні мұғалімдерінің апталығының шеңберінде аудандық семинар өтті. Семинар барысында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Баймендина Айкын Ондасыновна 9 сыныпта "Ой мен сөздің күші" тақырыбында сабақ өткізді. Бұл сабақ үлкен адамгершілік және білім әлеуетіне ие болды. Оның барысында оқушылар біздің ойларымыз бен сөздеріміздің қоршаған ортаға қалай әсер ететінін, жан жарасын ойламай, дөрекі сөздерді пайдаланбай, өз сөзін қалай дұрыс құру керектігін ойлады. Балалар өсімдіктерге, суға жағымсыз сөздер мен эмоцияларға қалай әсер ететіні туралы бейнеролик көрді.  Шығармашылық жұмыс кезеңінде олар жақсы сөздер мен тілектердің көмегімен бөлме өсімдігін емдеуге тырысты, сөз бен ойдың күші туралы мақал-мәтелдер келтірді, аптаның әр күні үшін жағымды ойлар жинады. Семинар өзін – өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған "Барлығы өз қолыңда"тақырыбында мұғалім шеберлігімен жалғасты. Самсонова Галина Николаевна топтардағы жұмысты, ішінара іздеу әдісін және шығармашылық қызметтін пайдалана отырып, өз ой-пікірлерінде, іс-әрекеттерінде, сезімдерінде сенімді болу қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Мұғалім шеберлігіне қатысушылары махаббат сияқты жалпы адамзаттық құндылықтың анықтамасын тұжырымдады,осы сөзге ассоциативті қатарын құрды. Мұғалімнің басты өсиеті-оқушының ең кішкентай алға жылжуын байқап, оның жетістіктеріне қолдау көрсету. Біздің қолымызда баланың өзін жақсы сезінуі маңызды: сүйікті, қажетті, ең бастысы табысты. Мектепте сәтсіздер болмауы керек. Өткізілген семинар әріптестерінің оң бағасын алды

"Өзін – өзі тану" сабақтары-бұл махаббат, бейбітшілік, жарық, мейірімділік, әділдік және қайырымдылық сабақтары.

Самсонова Г.Н.

 

Просмотров: 608


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст