Текст
1 сәуір күні № 5 ОМ мұғалімдері арасында «Оқу үдерісіне 7 модульді енгізу» атты семинар-практикум өтті. Қатысушылар арасында тату-тәтті қарым-қатынас жасау үшін,мен әріптестеріме қуаныш шеңберіне тұруды ұсындым. Содан кейін олар жаттығуды орындаған топтарға бөліп, одан кейін қатысушылар семинар тақырыбына шықты. Презентацияның көмегімен қатысушыларға Кембридждік оқытудың негізгі идеяларын көрсетті. Кейін практикалық тапсырмаларды орындай отырып, әрбір модульмен егжей-тегжейлі таныстырды. Семинар соңында оқытудағы жеті модульді қолдану бойынша ақпаратты тиімді жинақтау үшін "Алты қалпақ" әдісін қолдануды ұсынды. Әр мұғалім өткізілген семинар мен алған білімдерін бағалай отырып, өз ойларын айтты.
Сыздыкова Л.В.