«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Кім болу керек?"

18.05.2022

Әлемде көптеген сан түрлі мамандықтар бар. Кейбіреулер мыңдаған жылдар бұрын пайда болса, ал басқалары біздің заманымызда. " кім болу керек?" сұрағы- өмірлік маңызды мәселе. Оған жауап адамның болашақ өміріне әсер етеді. Мамандық әлемінде өз орнын табу қиын, әсіресе мектепті бітірген жас адам үшін. Ол қоғам үшін маңызды және оның қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келетін мамандықты таңдауы керек. Жас жігітке немесе қызға өмірде өз орнын табуға көмектесу және кәсіптік бағдарлау жұмысы шақырылады. Агротехникалық колледж 9 және 11 сынып оқушылары арасында осындай жұмыс жүргізді. Аталған оқу орнында келесі мамандықтар бойынша мамандар даярланады: Дәнекерлеу ісі (электргазбен дәнекерлеуші), ауыл шаруашылығын механикаландыру (слесарь-жөндеуші, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу шебері, ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі), тамақтандыруды ұйымдастыру(кондитер-рәсімдеуші, аспаз), тігін өндірісі және киімді модельдеу (тігінші, модельер), есеп және аудит (бухгалтер, кассир). Осы оқу орнының артықшылықтары:
* Колледжге қабылдауына түсу емтихандарынсыз жүзеге асырылады
* Мемлекеттік стипендия төленеді
* Жатақхана тегін беріледі
* Тегін тамақтану
* Бірнеше біліктілік алу мүмкіндігі
Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімімен сайтта немесе телефон нөмірі бойынша танысуға болады.
Тел: 8(7162) 51-49-05
Сайт: agrotk.edu.kz

Просмотров: 536


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст