«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектеп – ынтымақтастық аумағы»

26.09.2019

Жазғы демалыс уақыты аяқталды, сабақтар басталды, оқу жылының басында оқушылар да, мұғалімдер де, ата-аналар да оқу жылына алдын-ала жоспар құрып жатыр, сондықтан №5 ОМ жалпы мектептік ата-аналар жиналысы 2019 жылдың 26 қыркүйегінде өткізілді.

Жиналысты мектеп директоры Ш. Е. Бекмаганбетова бастап, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол 2019-2020 оқу жылына білім беру үрдісінің ерекшеліктері туралы айтып өтті

Сонымен қатар ата-аналар алдында Атбасар аудандық ҚДСБ маманы Г. Н. Клименко сөз сөйледі, ол ата-аналарды тұмау мен ЖРВИ-дың алдын алу туралы хабардар етті. Мектептің әлеуметтік педагогы В. В. Филонова ата-аналардың назарына мектептің әлеуметтік паспортын ұсынды. Әлеуметтік қызметтер пакеті туралы және осы қызметтерді алу үшін ата-аналарды құжаттар тізімімен таныстырды.

Мектеп психологы Г. Н. Самсонова «Отбасы құндылықтары» және «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында ата-аналармен әңгіме өткізді. Әңгіме барысында Галина Николаевна нақты бейнероликтерде балалар ата-аналардың мінез-құлқын көшіретінін көрсетті. Сондай-ақ ата-аналарға өз баласына дос болуға кеңес берді.

Ата-аналар жиналысы сынып жетекшілерімен ата-аналардың кездесуімен аяқталды, олар оқушылардың мектептегі оқу үлгерімі мен тәртіптері жайында айтып өтті. Жаңа оқу жылында бірінші кездесу жақсы өтті және жағымды әсер қалдырды. Балаларды оқыту, дамыту, тәрбиелеудің барлық мәселелері алдағы уақытта да ата-аналармен тығыз ынтымақтастықта шешілетініне үміттенеміз.

Просмотров: 446


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст