Текст
15 қазан күні орта буында ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу туралы сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаты барысында көрнекі материалдар, презентациялар, мультфильмдер арқылы балалар тұмау вирусының құрылысы, оның таралу жолдары және алдын алу шаралары туралы білді.
Балалар өз алдына салауатты болу мақсатын қойды, ол үшін олар үнемі сабынмен қолдарын жуып, ауа райына сәйкес киініп, спортпен шұғылданып, дәрумендері бар көкөністер мен жемістерді жейді.
Сонымен қатар оқушыларға сауалнама жүргізілді. Кейбір оқушылар ЖРВИ ауруының қауіп-қатер тобында екені анықталды. Аурудың алдын алу үшін ақпараттық парақтар берілді.