«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Тіл – халық жанының танудың кілті» аудандық сайысында біздің Наташа Гаврилова жүлделі 2- орынға ие болды.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Тыңдалым сайысында жаңа мәтінді,диалогті тыңдап, сұрақтарға жауап берді.Келесі кезеңде он бес минутта қазақ тілінен лексика-грамматикалық тест орындады. Ең әдемі және қызықты кезеңі – өздері жазған «Астана – елдің жүрегі» эссенің мазмұнын үш тілде айтып берді. Соңғы «Мәнерлеп оқу» сайысында Наташа қазақтың ұлттық музыкалық аспабы – домбыра туралы мәнерлеп оқыды. Бұл сайыста оқушылар өздерінің үш тілді қандай деңгейде меңгеретінін көрсете алды.
Наташа, жарайсың! Құттықтаймыз! Саған әрқашан табыс тілейміз!