«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жануарлар әлемінде.

01.02.2018

Сабақтың тақырыбы:   Жануарлар әлемінде.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Оқушыларға жануарлар әлемінің түрлері туралы білімдерін кеңейту. Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмашылығын білдіру. 

Дамытушылық: жаңа технология элементтерін пайдалана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

Тәрбиелік: туған жердің табиғатына қамқорлық жасауға, аялауға, жануарларды қорғауға тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту; 

Сабақтың әдіс-тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер, оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау, АКТ. 

Сабақтың көрнекілігі: «Жануарлар әлемінде» көрме, табиғат туралы нақыл сөздер, оқулық, үлестірмелі материалдар. 

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, орыс тілі,математика. 
                                            

Сабақтың барысы: 

І.

Ұйымдастыру кезеңі: 

1. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

 а) Психологиялық дайындық. 

ә) «Шаттық шеңбер» ( ынтақмақтастық атмосферасын қалыптастыру) 

Мұғалім

сөзі: Қанеки , балалар, қол ұстасып, «Шаттық шеңберін» құрайық. Мен сіздерге зор денсаулық , оқуда табыс, еңбекте жеміс тілеймін. 

Қайырлы таң досым! 

Қайырлы күн болсын! 

Сәрсенбінің әр кезі, 

Сәттілікке толсын! 

Біздің алар бағамыз, 

Кілең бестік болсын! 


Бүгін бізде қонақтар бар, олармен амандасайық. 

Үлкенге де сіз, 

Кішіге де сіз, 

Сәлем бердік сіздерге 

Құрметпенен біз! 

Балалар, сабағымыз қызықты өту үшін , мен сендерді 2 топқа бөлемін. Реттік санмен саналу 1,2.

І –топ – «Арыстандар» 

ІІ- топ – «Аюлар» 

  

•        Үй тапсырмасын тексеру 

 Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 

Сендердің алдарыңызда бағалау парақтары жатыр. Сабағымыз бірнеше тапсырмалардан тұрады. Өз-өздеріңізді бағалайсыздар. -3 ұпай қоясыздар. «4» орындасаңыздар -2 ұпай қоясыздар. «3ке» орындасаңыздар -1 ұпай қоясыздар. Мүлдем жұмыс істемесеңіздер -0 ұпай қоясыздар.

  Балалар, ал енді үй тапсырмасын тапсырмасын тексеру. «Піл» өлеңді  жаттап алу.

   Қорытындылау. Өте жақсы балалар, үй тапсырмасын орындап келдіңдер. 

Қызығушылықты ояту 

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 

Оқушылармен сабақты бастау. Ал, балалар тақтаға назар аударыңдар! 

«Сандарды ретімен орналыстыр» ойыны

 

а ж н а р а у л р 

2 1 3 5 9 8 4 7 6 


л і ә м е 

11 14 10 13 12 

Қандай сөз шықты? Кім оқиды? 


Ендеше, бүгін  біз « Жануарлар әлемімен»  таныс болу үшін хайуанаттар бағына саяхат жасаймыз

- Міне біз хайуанаттар бағына да келіп қалдық, балалар, осы аңдардың ішінен қандай аңдар сендерге таныс?(балалардың жауаптары).

-Өте дұрыс балалар, енді біз бүгінгі  сабағымызда осы аңдар туралы оқып, жақсы білетін боламыз.

Рахмет сендерге, ал, енді тездетіп орындарыңа отыра қойыңдар.

Ал енді жаңа сабағымызды бастайық, сендер жақсылап тыңдаңдар 


Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы «Менің сүйікті жануарым»

 

- сабағымыздың мақсаты, сабақта   жабайы аңдар туралы әр түрлі тәсілдер бойынша тапсырмалар орындап, ойын арқылы білімімізді олықтырамыз және өздеріміздің сүйікті жануарларымызды сипаттай алуға үйренеміз.

                                              

Жаңа сабақ

Мағынаны тану. 

Ақпараттық комуникативтік технологияны қолдану 


    Тақтаға назар аударыңдар! Балалар бейнесюжет қарайды. 

Мұғалім сөзі: 

-Балалар, жануарлар әлемі әр түрлі және көп болып келеді. Жер бетінде

жануарлардың 2 млн-нан аса түрі бар. 

Ал сендерде өздерінің сүйікті жануарларың бар ма?  Осы сұраққа жауап беру үшін оқулықтың

110-шы бетін ашып қарайық.(оқушыларға оқыту керек)

1.Жаңа сөздермен танысу 


Жануар - животное

жабайы аңдар–дикие животные

менің сүйікті жануарым – мое любимое животное

тіршілік етеді - обитают 

ешкім бақпайды - никто не заботится 

асырайды – кормят 

тауып жейді – находят 

өз беттерінше- самостоятельно 

    

Сөздерді оқу, қайталау, өз таңдауы бойынша жаңа 2 сөздердегі сөз тіркесі мен сөйлемдерді құрастыру. Мысалы:  Менің сүйікті жануарым – піл. 

Бағалау. 


    2. Мәтінмен жұмыс (мәтінді оқимын, балалардың қалауы бойынша оқыту, сұрақтармен жұмыс)

  

    Жануарлар жабайы және үй жануарлары болып екіге бөлінеді. Жабайы жануарлар тауда, орманда, далада тіршілік етеді. Олар аю, қасқыр, түлкі, қоян, барыс, жолбарыс, арыстан. Жабайы жануарларды ешкім бақпайды. Олар өз қорегін өздері тауып жейді, өз беттерінше өседі.

Төлдерін де өздері асырайды. 

 

  Мәтін бойынша сұрақтар: 

1.Жабайы жануарлар қайда тіршілік етеді?

2.Оларды кім бағады

3.Қандай жабайы жануарларды білесіңдар? Аттарын атаңдар.

Өз-өздерін бағалау

 

Енді жазбаша жұмыс орындау үшін өткен сабақтағы сын есімді қайталап жіберейік.

Қайталау сұрақтары:

1.Сын есімнің аудармасы.

2.Сын есім деген не?

3.Сын есім қандай сұраққа жауап береді? (Мысал келтір)

 

Ал сын есімді қайталадық бәрін білдік, қандай ақылды балаларсыңдар, ендеше карточка бойынша жұмыс жасайық

(карточкамен жұмыс сөз тіркестерінен сын есімді тауып, астын сызу)

Аю аңқау, түлкі қу, қоян қорқақ

 Өз-өздерін бағалау

 

3.Оқулықпен жұмыс (111-ші бетті ашыңдар, 3,4,5-тапсырманы орындау)

Өз-өздерін бағалау

 

 " Жануарлар тобын тап" ойыны.

- Балалар, мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын, "Үй жануарын" айтқанда бір рет қол шапалақтау керек, егер «Жабайы жануарларды» атауын айтқанда, екі рет қолдарың шапалақтайсыңдар. 

Мысалы: жолбарыс, түйе, жылқы, лақ, кірпі, ешкі ,қоян, ит, тиін,

арқар,қасқыр, барыс, аю, қой, сиыр, арыстан, қозы,бота, құлыншақ. 


 Сергіту сәтті


 Жаңа сабақты бекіту 

Шығармашылық жұмыс 


4. Кластер толтыру 

1-топ. «Жабайы аңдар».

2-топ.  «Менің сүйікті жануарым».


Бағалау. Әр топ кезек-кезек шығып стикер бойынша бір-бірін бағалайды. 


Рефлексия.  Стикерлерге сұрақтардың жауаптарын жазады. 

Не ұнады? 

Не ұнамады? 

 

Ұнаған жабай жануарларға   синквейн жасаңдар. Тақтаға постерлермен шығып шығарған өлеңдерін шырқайсыңдар.

Не?

Қандай?Қандай? Қандай?

Не істейді? Не істейді?

Не  жейді?

  

Үйге тапсырма. Жаңа сөздіктерді жаттау, өздерінің сүйікті жануарының суретін салу.

Просмотров: 1000


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст