Текст
Біздің мектеп мұғалімдерімен "Латын әліпбиі және жазу реформасы" тақырыбында ақпараттық - практикалық сағат өткізілді. Латын әліпбиіне көшу бойынша таныстыру материалдары ұсынылды.
Практикалық бөлім ойын түрінде рефлексивті көңіл-күймен басталды. Қатысушылар қолдарынан алған соң бір-біріне жақсы тілектер тілеген. Ал тосын сәттер ерекше жетондар алған адамдарды күтті. Одан әрі барлық латын тіліндегі сөздерді жазу мен оқуда тәжірибеленді.
Бұл іс-шара өте өзекті және танымдық болды.
Кенжетаева К. Г., қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі