22 қыркүйек «Қазақстан Республикасының Тілдер күні» осыған орай 12 қыркүйек күні біздің мектепте «Қазақстан Республикасының Тілдер күні» ашылу салтанатты жиын өткізілді. Тіл халықтың бүгіні, ертеңі кешегі күні. Әр жыл сайын Қазақстан Республикасында мекен ететін ұлттардың тілдер күні тойланады. Бұл дегеніміз қазақстандықтар
территориясындағы әр ұлттың тіліне, дәстүріне құрметпен қарайды дегенді білдіреді. Қазіргі уақыт талабына сай әрбір адам көп тілділікті білуі қажет. 2015-2018 жылдар аралығына көп тілділікті білу бағдарламасы қолға алуда.
Мектеп директоры Бекмаганбетова Ш.Е. құттықтау сөз сөйледі. Жүргізушілер салтанатты жиынды үш тілде бастады. Үш тілде біздің мектеп оқушылары өлеңдер оқыды. Қазақ тілінде Қанышева Айгерим, орыс тілінде Носкова Ангелина ал ағылшын тілінде Мамырбаева Асель. Бұл жиынды мектептегі «Бұлбұлдар» хор үйірмесі әдемі әнмен аяқтады.
Мерекелеріңізбен құрметті қазақстандықтыр!