Үш жыл бойы Ақмола облысының білім беру саласының қызметкерлері демалыс уақытында Қазақстан Республикасының сауықтыру орындарында шипажайлық-курорттық емделуден өтуге мүмкіндік алды.
«Сосновый бор» ЖШС-де денсаулықтарын жақсартуға және жақсы демалуға Атбасар ауданының 7 педагог қызметкері 2019-2020 оқу жылының күзгі демалыс кезінде мүмкіндігін пайдаланды.
Фитонцидтерге бай, таза ауа бірқатар ауруларға, әсіресе жүрек-тамыр, бронх-өкпе, жүйке жүйесінің бұзылуына қолайлы әсер етеді. Келесі емшараларды кеңінен қолдануға мүмкіндік бар: бальнеологиялық, гидротерапия, физиоемдеу, парафинокеритпен емдеу, балшықты емдеу, тұзды шахта, массаждың бірнеше түрі. Мәдени демалыс түрлері ұсынылады: концерттер, би кештері, кездесулер, экскурсиялар, үстел және спорттық ойындары.
«Сосновый бор» шипажайында демалудың тиімділігі мен пайдасын біз өзіміз сездік және Р.Б. Едрисова Филиалына және Ақмола облысының педагогикалық қызметкерлері кәсіподағының барлық Федерациясына үлкен алғысымызды білдіреміз.