Текст
Қазіргі қоғамдық жағдайда әрбір адам мынадай ұғымдарды білуі тиіс: құқық пен міндет, абырой мен қадір-қасиет. Жоғары сыныптар оқушыларының сынып сағаттары осы тақырыпта өтті: «Келешек пен қазіргі уақыт: әр бала үшін қорғалған балалық шақ». Сынып сағатының мақсаты – балаларды бала құқықтары туралы Конвенцияда бекітілген құқықтарымен таныстыру, адам құқықтарын сақтау мәселелеріне балалардың назарын аудару.
Сынып сағатына мектеп медбикесі Г.С.Балабекова шақырылды. Ол оқушыларды балалар жасындағы ауруларды біріктіріп жүргізу бойынша ДДұ бағдарламасымен таныстырды, скринингтен өту міндеттілігі мен ауруды ерте анықтауға назар аударды.