13 қараша күні 1 «Б» сыныбында «Тәрбие сипаты және отбасындағы моральдық ахуал» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың бірінші бөлімінде сынып жетекшісі Г. И. Баяхметова баяндама оқыды. Баяндаманың негізгі мазмұны - балаларға тек жақсы сөздер айту ғана емес, ең алдымен адамдық қасиетті сақтап, дұрыс өмір сүру. Балаларға дұрыс тәрбие беріп өз борышын атқарғысы келетін ата-аналар алдымен өз тәрбиелерін дұрыстағандары жөн. Ата-аналар баяндаманы тыңдағаннан кейін, отбасындағы моральдық ахуалдың оқушыларға қалай әсер ететіні туралы пікірлерімен алмасты.
Ата-аналар жиналысының екінші бөлімінде «Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы» бойынша тәжірибелік жұмыс өткізілді. Ата-аналардың күнделікті өмірде пайда болатын белгілі бір жағдайларды талқылауы кезінде баланың жақсы қасиеттерін тәрбиелеу үшін отбасындағы мүшелердің шынайы бірлесіп жұмыс жасағандары дұрыс деген қорытынды жасалды. Бұл дегеніміз, белгілі бір жағдайларда балада адамдық мейірімділік сезімдері, көмек көрсету ниеті, жанашырлық, қайырымдылық және жауапкершілік сезімі пайда болады.