Оқушылардың мектеп пәндерін оқуға деген ынтасын арттыру үшін демалыс уақытында біздің мектепте сыныптан тыс іс-шаралар өткізіледі. 8 қаңтарда 1 сыныпта жоспарға сәйкес «Ақылдылар» атты сыныптан тыс іс-шарасы өтті. Аталған іс-шараның міндеттері:
- оқушылардың танымдық қызметін жандандыру;
- тапсырылған іс үшін жауапкершілікті қалыптастыру, ұжымда жұмыс істей білу;
- әлемге адамгершілік-эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу.
Балаларға әр түрлі пәндер бойынша өз күші мен білімдерін сынап көру мүмкіндігі ұсынылды, бірақ ең бастысы балаларға ертегі бойынша конкурс ұнады, онда оларға тек білім ғана емес, сонымен қатар жылдамдықтарын көрсету керек болды, себебі сұраққа дұрыс жауап үшін жетон берілді. Уақыт қызықты және тез өтті. Іс-шараның қорытындысы бойынша «Умницы» командасы үздік нәтиже көрсетті.