23.05.2023
Балалар үшін көптен күткен жазғы демалыс келеді. Сондықтан бүгін біздің мектепке Атбасар ауданы ТЖБ бас маманы М. Е. Балғабаев сөз сөйледі. Ол жазда судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаса қандай қауіп- қатер болатыны жөнінде және өрт қауіпсіздігіне баса назар аудару қажеттігін айтты. Ыстық ауа-райында от жағу кезінде пайда болатын қиындықтармен таныстырды. Сөз соңында инспектор барлық оқушыларға қызықты әрі салауатты демалыс тіледі.
Красникова О.В.