«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 МАУСЫМНАН БАСТАП "БАЛАЛАР ЕҢБЕГІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ 12 КҮНІ" ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ

30.05.2023

1-12 маусым аралығында еліміздің барлық өңірлерінде ҚР Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ұйымдастырған "Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні" Ұлттық ақпараттық науқаны өтеді. Іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні аясында өткізіледі.
Ақпараттық науқан балалар еңбегін қолдану проблемасына, оның ауқымы мен сипаттамаларына, оның бала мен қоғамға тигізетін зардаптарына жұртшылықтың назарын аударуға, ересектер мен балаларды қоса алғанда, жұртшылықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Айта кету керек, Балалар еңбегін пайдалану мәселесі әлемдік кеңістікте өте өзекті. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша, бүкіл әлемде жұмыс істейтін балалар саны өткен онжылдықта 38 пайызға қысқарды, алайда 150 миллионнан астам бала әлі де балалар еңбегіне тартылуда.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мұндай статистикаға ерекше алаңдаушылық білдіріп, барлығын балалар еңбегін пайдалануға жол бермеуге шақырады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
Сондай-ақ, еңбек шарты он бес жасқа толған азаматтармен, олар орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда жасалуы мүмкін;
он төрт жасқа толған оқушылармен оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарды орындау үшін;
кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына, адамгершілік дамуына және оқу процесіне нұқсан келтірместен туындыларды жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін он төрт жасқа толмаған адамдармен.
Көрсетілген жағдайларда, кәмелетке толмағандармен бірге Еңбек шартына оның заңды өкілдерінің бірі қол қоюға тиіс.
Жұмыс беруші кәмелетке толмаған азаматты жалдаумен еңбек шартын жасаспаған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілік көзделген.
Баланы денсаулығына қауіп төндіретін немесе оның білім алуына кедергі келтіретін немесе оның денсаулығы мен физикалық, психикалық, рухани, моральдық және әлеуметтік дамуына зиян келтіретін кез келген жұмысты орындау үшін қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады.
Балаларды бірге қорғайық!

Просмотров: 240


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст