Текст
Бүгін 5 «А» сыныбында А. В. Дерягина «Адамдық қарым-қатынас әлемі» атты өзін-өзі тану сабағын өткізді. Балалар кемелерге қызықты саяхатқа аттанды, онда адамдық қарым-қатынас әлемімен жақынырақ танысты, адам жанының сұлулығы түсінігін жалпы адамзаттық құндылық арқылы тереңдетті, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйренді.
Сабақ барысында оқушылар ребус шешіп, ерекше кластер түрінде қарым-қатынас ережесін құрастырды, сөзжұмбақтар шешті және қонақтармен бірге достық туралы ән орындады.