«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Опера өнерінің аңызы"

31.07.2023 Қазақстандық және Кеңес одағының балет әртісі, балетмейстер, педагог, КСРО Халық әртісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Заурбек Молдағалиұлы Райбаевтың 90 жылдығына арналған шығармашылық сағаты өткізілді. Қазақстанның балет өнері тарихында Заурбек Райбаевтың есімі жоғары орындардың бірін алады. Балет труппасының ең жарқын беттері Заурбек Молдағалиұлы есімімен байланысты. Импровизация саласында оны болжау мүмкін емес еді. Оқушылар Попова София мен Ахметбеков Айтуган Заурбек Райбаевтың шығармашылығы туралы ақпарат дайындады. Балалардың назарына З.М. Райбаевтың "Алтын бүркіт биі" атты үздік билерінің бірі көрсетілді. Балалар өз пікірлерімен бөлісті: "Керемет би, керемет костюм, алтын қанаттар..." З.Райбаев өзінің шығармашылығымен Қазақстан хореографиясының дамуы мен қалыптасуындағы тұтас дәуірді белгіледі. Музыка жетекшісі Исиченко Г.В.
Просмотров: 252


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст